Birge.kz - это социальная сеть и сайт знакомств. Общение со старыми друзьями, знакомства с новыми!
Для использования сайта, пожалуйста, войди в систему или зарегистрируйся!
Дневник пользователя Nurik-Turkistan

Келе жатқан Құрбан Айт мубәрәк болсын!


alt


Құрбан айт (Arabic: عيد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā, Urdu: بقرعید) – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері әрбір мұсылман ата-бабаларының басына барып құран оқиды, аруағына құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман ата-баба аруағына арнап құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Алланың бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Алла әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін дайындау үшін жұмыстан сұрану керек еді.


Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Алла Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат – құрбандық шалу. Бұл – айтулы мерекенің ең маңызды амалы. Құрбандық деп құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни Құрбан айт деп аталады. Қасиетті Құран Кәрім және Ислам тарихы бойынша бұл мереке мен оның шежіресі сонау адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) ата және дәстүрлі діндердің түп атасы Ибраһим (ғ.с.) мен оның ұлы Исмайыл (ғ.с.) пайғамбарлармен тығыз байланысты. Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіпті қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал», – деп бұйырылған. Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!»


Қадірлі жамағат!
Ардақты мұсылман бауырлар!


Сіздерді ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңыздың отбасыларыңызға береке-бақыт, амандық пен дендеріңізге саулық тілеймін.



 
Нравится
положительных: 8  |  отрицательных: 0

Напиши комментарий:

 

Пользователь
offline
offline Nurik-Turkistan (32)
Казахстан, Мангистауская область, Актау



Архив записей
Бизнес-инфо: