Birge.kz - это социальная сеть и сайт знакомств. Общение со старыми друзьями, знакомства с новыми!
Для использования сайта, пожалуйста, войди в систему или зарегистрируйся!
Дневник пользователя Balapanym

1-желтоқсан мереке БІЗДІҢ ДОСТЫҚ КҮНІМІЗ

Кім ойлаған ашаң бойлы, ақ сары қыз менің жан досым болады деп.



Ия бугін біздің дос болғанымызға тура 3 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз қаншама қуанышты сәттер мен қиындықты бірге өткіздік. Қуансақ бірге қуанып, көңілімізге қайғы ұяласа бірге шер тарқаттық. Жаным Дана, біздің бүгінгі мерекемізбен құттықтаймын!!


Н.Г.Гоголь былай дейді: «Әке өзінің баласын жақсы көреді, шеше өзінің баласын жақсы көреді, баласы әкесі мен шешесін жақсы көреді. Бірақ бұл басқа нәрсе: аң да өзінің баласын жақсы көреді. Бірақ қаны жағынан емес, жан-жүрегімен туысып кету адамның ғана қолынан келеді».



Цицерон былай депті: «Достық негізі еріктің, талғамның, пікірдің толық үндесуінен туады». Аристотель: «Достық баға жетпес нәрсе ғана емес, сонымен қатар тамаша да нәрсе: біз өзінің достарын жақсы көретін адамды мадақтаймыз және көп досы болу бәрінен керемет көрінеді, ал кейбір адамдарға тіпті жақсы адам болу мен дос болу – бір ғана нәрсе секілді». Ф.Вольтер: «Бұл дүниенің күллі сый-құрметі жалғыз жақсы досқа татымайды».



Көне замандағы ойшылдар өмірден алшақ, орындалмайтын абстрактілі мақсат-мұраттарға, идеалдарға күмәндана қараған. Олар фанатизмнен қорыққан, артық сезімталдыққа сенбеген, сондықтан да достықты бәрінен жоғары қойған.Өйткені достықта ғана мақсат-мұрат пен шындықтың арасы мейлінше қысқа болады. Дос бола тұрып, бірдеңені айтып жар салып алып, басқа бірдеңені жүзеге асыруға болмайды. Достықтың өзіне сай келісім-шарттары болады және достың сенімін алу үшін талай сын-сынақтан өту керек деп есептеледі. Достық тек қана шынайы, ашық, адал, ақкөңіл қарым-қатынасты қажет етеді. Досымыз бізге үнемі жақсылық тілейді, оны өзінің ісімен дәлелдейді, қиын жағдай туғанда әр кез қасымыздан табылады.


ЖАНЧИК ТАҒЫ ДА МЕРЕКЕМІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!! СЕНЕН ӨМІРДЕ ТІЛЕРІМ ДЕНСАУЛЫҒЫН МЫҚТЫ БОЛСЫН, АТА -АНАҢ АМАН БОЛСЫН, ҚАЛҒАНЫН ӨЗІМІЗ ЖАСАЙМЫЗ!!! чмок




Ключевые слова:

 
Нравится
положительных: 8  |  отрицательных: 0

Напиши комментарий:

Dilniaz (33)
Рахмет! Менимде жан досым бар...биздин достыгымызга 16жыл болды! Мен оны жан журегиммен жаксы корем. Достыктарын узагынан болсын!
#2, 01.12.2009 - 16:15
Dilniaz (33)
Адал достыкка жетер еш нарсе жок! . Так держать!
#1, 01.12.2009 - 16:03
рахмет, саган да соны тилеимин
01.12.2009 - 16:12
 

Пользователь
offline
offline Balapanym (33)
Казахстан, Алматинская область, Алматы



Архив записей
2010
март (1)
январь (1)

2009
ноябрь (1)

Бизнес-инфо: