Birge.kz - это социальная сеть и сайт знакомств. Общение со старыми друзьями, знакомства с новыми!
Для использования сайта, пожалуйста, войди в систему или зарегистрируйся!
Дневник пользователя rokki


Оңғарылмай сапары көп жолымның,

Пешенеңе жазылса, егер сорың мың.

Көп естимін досымнан да, қасымнан,

Деген сөзді «уы бар ғой қолыңның».

Улы ағзам. Улы денем. У қаным,

Улы қанның шырмауында уландым.

Уанайын мен несіне жетісіп,

Улы өмірім анамды алса, туған күн.

Уылжыған өмір нәрін татпадым,

Шалыс басып, улы қадам аттадым.

Бақытым да у болып кете береді,

Тағдырымнан удан басқа таппадым.

Сан белестен жол таба алмай торығып,

Сан соқпақтан келем қазір соны ұғып.

Оңашада өксіп жылап аламын,

Жанарымның у жасына шомылып.

Улы уақыт у ұсынбақ тағы да,

У болғаны жақын тартар жаныма.

У жайлаған улы денең болғасын,

Кім сенеді жүрегіңнің ағына.

У боп әсте ішпегенде, ішкенде,

Улы тірлік өз дегенін істеуде.

У қайтар шыбын жаным ұшқанда,

Улы денем жер астына түскенде.



 
Нравится
положительных: 2  |  отрицательных: 0

Напиши комментарий:

zhantik86 (32)
адеми шыгарма...
#1, 15.12.2009 - 15:43
 

Пользователь
offline
offline rokki (35)
Казахстан, Западно-Казахстанская область, Уральск



Дневники: тэги
тэгов нет
Архив записей
2009
декабрь (5)
октябрь (1)

Бизнес-инфо: