Birge.kz - это социальная сеть и сайт знакомств. Общение со старыми друзьями, знакомства с новыми!
Для использования сайта, пожалуйста, войди в систему или зарегистрируйся!
Дневник пользователя dianna

Біз өзіміз ойлағандай өмір сүре бермейміз...

Біз өзіміз ойлағандай өмір сүре бермейміз...
Кейде біздер басқалардың алдында жақсы пікір қалдыру үшін, бір нәрселер істеп, әдемі сөздер ойлап тауып, айтып жатамыз.
Кейде сенің көңіліңді қалдырмау үшін айтыла салған сөзге мәз болып сенеміз, ал кейде шын көңілден айтылған сөзді түсінбейміз.
Кейде жоқ жерден ұяламыз, ал кейде, ұятымыз жоғалып кетеді.
Кейде сырыңды бөліскің келеді басқамен, ал кейде, үнсіз қалуды жөн көресің.
Кейде біреуді аяйсың, ал кейде, саған бәрібір.
Кейде тура қалай ойладың, солай айтқың келеді, қолды бір сілтеп. Кейде адамдарды ренжіткің келмейді.... Бірақ кейде осылай істейсің.
Кейде адамдарды бір жақсылық, не жақсы бір іс істеп қуантқың келеді. Сосын оған олардан артық қуанасың.
Кейде адамдарға керек болғаныңа қуанасың. Кейде өзімізді басқалар керек қылғанын қалайсың.
Кейде барлығын ұмытып өмірге жеңіл қарағың келеді, ал сосын өзіңнен, өмірден кете алмайтыныңды түсінесің.
Кейде өзімізге мақсаттар қоямыз, соған жеткенде жеңілденеміз.
Кейде ол мақсаттарды басқа біреуге айтып, сосын одан ұят болмас үшін орындауға тырысамыз.
Кейде бұл мақсаттарды, өзіңе өзің орындай алатыныңды дәлелдей үшін орындаймыз.
Кейде басқаларға айтқанды орындату үшін жанталасасың, ал кейде өзіңмен өзің күресесің.
Кейде өзіміз қалаған нәрсені, бір сылтаулар ойлап тауып, істей алмайсың.
Кейде өзіміз істей алмаған нәрсеге сылтаулар ойлап тауып өзімізге, басқалар алдында ақталып жатамыз. Бірақ бұл сылтау ғана екенін, өзің де түсінесің.
Кейде арманымызға беріліп кететініміз сонша, осы өміріңді ұмытасың.
Кейде сағаттап айтқан сөзден түк түсінбейсің. Кейде бір сөзден барлығын ұғамыз.
Кейде көп сөзден, бір ғана сөз көңілге қонады.
Кейде көптен білетін адам туралы пікірің бір мезетте өзгеріп, оны түсіне бастайсың, ал кейде оны мүлдем түсінбей жатасың.
Кейде адамға бір ғана жасаған жақсылығы үшін қатты риза боласың. Ал кейде, бір ғана нәрседен қатты көңілің қалады.
Кейде біреулерге таң қаламыз. Ал кейде өзімізге өзіміз таң қаламыз. Бұл қалай қолымнан келді екен деп, не қалайша ғана мұны істеп қойдым деп.
Кейде жақын адамды қуантамыз. Ал кейде ренжітеміз.
Кейде жеңеміз. Соған ләзаттанмыз. Кейде жеңгеніңнен жеңіле салғаның артық боларын түсінесің.
Кейде жеңілеміз. Кейде мойындағың келмейді. Бірақ жеңілгеніңді түсінесің.
Кейде өзіңді көрсеткің келеді. Кейде ол келеді қолыңнан. Кейде қолыңнан түк те келмейді.
Кейде ашуланамыз, түкке тұрмас нәрсе үшін. Кейде қуанамыз, не үшін екенін өзіміз де түсінбей.
Кейде бір нәрсені дұрыс түсінбейміз, сосын ренжиміз.
Кейде өзіңді басқаша көрсеткің келеді, ал өзің ондай емес екеніңді жақсы білесің.
Кейде бізді дұрыс түсінбесе ренжиміз. Кейде шырылдап түсіндіріп жатасың олай емес екенін,. Кейде неге түсінбейді деп кінә артамыз басқаға. Кейде осыдан жалығасың да, үнсіз қаласың. Үнсіздігіңде өзің қиналасың...
Кейде сенуге тиіс адамға күдіктеніміз, сенбейміз. Кейде сенуге болмайтын жанға жас баладай сенеміз.
Кейде ойға келмеген нәрсені істейміз. Кейде істегіміз келмеген нәрсені де істейміз, ал ойымызда басқа нәрсе тұрады.
Кейде қызғанамыз, бірақ көрсеткіміз келмейді. Кейде бұл өзімізге күлкілі болып жатады.
Кейде біреудің өз өмірі туралы пікірін оқып оқып, өзіңнен, өміріңнен сәйкестік іздейсің.
Кейде басқалардың ісіне қарап өзің ұяласың, неге олай істеген деп іштей себеп іздейсің. Ал сосын, оған не түсіне, не басқаша қарайсың.
Кейде біреуге ақыл айтасың, ал кейде өзіңе басқаның кеңесі керек болады.
Адам сені мақтағанда әуелі қызарасың, сосын бұл не үшін мақтап тұр, бұған неге керек деп ойланасың. Егер шын көңілден шыққанын түсінсең іштей қанаттанасың. Жәй айтыла салған сөз екенін түсінсең, мән бермейсің.
Кейде бір адам қанша жамандық жасап жатса да таңғалмайсың, өйткені біз одан басқаны күтпейсің де. Ал егер сенген адам, сенімнен шықса көңілің сондай қалады.
Кейде адам бір сәтке қателессе, оны жазғырамыз, қалай ғана істеді деп. Ал оның неге істегенін түсіне білу қолымыздан келе бермейді.
Кейбір адам бірден ұнайды, ал сосын бұл пікірдің жалған болғанын түсінесің.
Кейбір адам басында ұнамайды, ал кейін оны танығанда пікірің өзгере түседі.
Кейде өз өзімізді басқа біреумен алдаймыз. Уақыт өткенде оның не үшін болғанын да түсінбейсің.
Кейде бір нәрсені тура айтқың келеді, айта алмайсың. Айтуға болмайды.
Кейде бір нәрсені сұрағың келеді, сұрай алмайсың. Сұрауға болмайды.
Кейде барлығын бір мезетте істеп тастағың келеді құлшынып. Кейде түк те істегің келмейді.
Кейде барлығынан ерекше болғың келеді. Кейде көптің бірі болып қалғанды қалайсың.
Кейде бір нәрсе айтқың келеді, кейде үнсіз қалуды қалайсың.
Кейде барлығын іздейсің, кейде саған ешкім керек емес.
Кейде аялағың, еркелеткің келеді. Кейде өзің іздейсің аялы алақанды.
Кейде күлеміз өзіміз өзімізге, кейде ұяламыз, жерге кірердей, кейде өкінеміз, бармақ тістеп...
Кейде , кейде…..
Біз осылай өмір сүреміз...



 
Нравится
положительных: 1  |  отрицательных: 0

Напиши комментарий:

dianna (37)
яяяя
#1, 07.01.2010 - 23:18
 

Пользователь
offline dianna (37)
Казахстан, Атырауская область, Атырау



Дневники: тэги
тэгов нет
Архив записей
2010
январь (9)

Бизнес-инфо: